Атырауда доллар мен еуро саудадан жоғалып кетті

Атырауда аяқ астынан доллар мен еуро жоғалып кетті. Аймақ тұрғындары таңертеңнен бері  шетел валютасын таппай, сабылумен жүр. Көк қағаз бен еуродан бөлек, мұнда   рубльдің де қарасы көрінбейді.

Жалпы, валюта тапшылығы Тәуелсіздік мерекесінің алдында байқалған болатын. Екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пункттері қазір шетел валюталарын тек сатып алумен ғана айналысып жатыр. Тәулік бойы қызмет ететін  кейбір айырбастау пункттерінің есігі бүгінде тарс  жабық.

Валюта айырбастаушылар таблоға тек АҚШ долларының сату операциясы жоқ екенін жазып қойған. Дегенмен, еуро мен рубль сұрағандар да кері қайтып жатыр. Оған "Астана" арнасының түсіру тобы куә болды.

"Біз 4-5 айырбастау пункітінде болдық. Банк филиалдарына да бардық. Қала бойынша доллар жоқ. Сатып алып жатыр,  бірақ халыққа сатпайды", - деп бөліседі тұрғындар.

Валютаның бұлайша ғайып  болғанына қарапайым халық алаңдаулы. Олар шаһардағы барлық банктер мен валюта айырбастау пункттерін жағалап жүгіріп жүр.

Есесіне, Ұлттық банктің Атыраудағы филиалының өкілдері жайбарақат. Олар абыржуға ешқандай себеп жоқ деп отыр. "Валюта нарығындағы жағдай бақылауда, және тұрақты"  дегенді алға тартып, елді сабырға шақыруда.

Ұлттық банкі Атырау облыстық филиалының жетекші маман-экономисті Алтынгүл Молдашеваның айтуынша, Ұлттық банк шетел валютасы бағамдарына күнделікті мониторингті жүзеге асырады.

"Қазіргі таңда айырбастау пункіттерінде шетел валюталары жеткілікті көлемде бар. Халықтың дүрлікпе салуына негіз жоқ", - деп түсіндірді қаладағы дүрбелеңді олар.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, сонымен қатар Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында да доллар мен евро таусылып қалды.

Сонымен қатар кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, шетелдік валютаның жетіспеушілігі астанамызда да байқалады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: