Атбасардағы үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, әйел адам көз жұмды

Ақмола облысының Атбасар қаласында екі қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып бір адам опат болды.


Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Қазақпарат.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жарылыс кезінде пәтер ішінде 4 адам болған.

Қатты жарылыстың салдарынан 1960 жылғы әйел көз жұмған. Ал, қалған 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына аудан әкімі А.Никишов бастаған әкімдік қызметкерлері жедел жетіп, құтқару жұмыстарын ұйымдастырған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, уақытша баспанамен қамтамасыз етілді.

Қазіргі кезде мұндағы жағдайды облыс әкімі Сергей Кулагин өз бақылауына алған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: