Астананың жанармай бекеттері бензин бағасын төмендетуге асығар емес

Елорданың жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасы әлі де болса төмендер емес.  

10 желтоқсан күні Энергетика министрінің "Мемлекеттік реттеуші баға қойылған мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы" бұйрығы күшіне енген болатын.

Елордадағы "Гелиос", "Ойл" және "ҚазМұнайГаз" бекеттері АИ-92 маркалы бензинді литрін 128 теңгеден сатуда. Тек "Номад-Ойл" жанар-жағармай құю бекеттерінде ғана АИ-92 бензинінің литрі 3 теңгеге, яғни 125 теңгеге төмендеген. Ал барлық бекеттердегі дизель отынының бағасы өзгеріссіз.

Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әзірше, ескі бағамен сатудамыз. Бағаны қашан ауыстыратындығымызды білмейміз. Мүмкін кешке қарай немесе түнде ауыстырармыз", - деді Қазақпарат тілшісіне елордалық жанар-жағармай құю бекетінің бірінде.

Айта кетейік, 2014 жылдың 8 желтоқсанындағы Энергетика министрінің бұйрығымен дизель отынының литрі 107 теңге, АИ-80 литрі 89 теңге, АИ92/93 литрі 115 теңге болып бекітілген болатын. Бұйрық 10 желтоқсан күні күшіне енді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: