Астананың «Барысы» «Авангардтан» жеңіліп қалды

Құрлықтық хоккей лигасы ауқымында астаналық "Барыс" Омбыда "Авангардқа" жол берді, есеп - 1:3, деп хабарлады sports.kz.


"Авангард" ойыншыларынан голды Куляш, Паршин және Мусатов соқты. Астаналықтардан жалғыз шайбаны Роман Старченко қақпаға өткізді.

"Барыс" 57 ұпаймен Шығыс конференциясында алтыншы орында келеді. Астаналықтар келесі ойынын 30 желтоқсанда челябілік "Трактормен" өткізеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: