Астаналық полиция жолдан өткен балаларды зорламақ болған педофилді іздеcтіріп жатыр

Астана полицейлері кәмелеттік жасқа толмағандарды зорламақ болған ер адамды іздестіруде. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.


"6 желтоқсанда шамамен сағат 08. 00-де 25-30 жас шамасындағы белгісіз ер адам Бауыржан Момышұлы мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде жолдан өткен балаларды зорламақ болған", - деп хабарлады астаналық ІІД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Олжабаев.

Оның айтуынша, ата-аналарының ІІБ-ға кеш хабарласуына байланысты ол азаматты әлі ұстау мүмкін болмай отыр.

"Куәлердің айтып, сипаттауымен күдіктінің "портреті" жасалды. Оны анықтап, ұстау әрекеті қолға алынды", - деді Олжабаев. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: