Астаналық ғалым пингвиндерді Каспийге әкелуді ұсынды

Астаналық зоолог Ратмир Буяшев пингвиндерді Каспийге әкелуді ұсынды. Қазір ол бұл ойын жүзеге асыру үшін демеуші іздеуде.

Ратмир Буяшев Жаңа Зеландиядағы пингвиндерді өсіретін шаруа қожалығында болған. Зоолог бұл құстарға қандай азық керектігін және қандай климатқа бейімделе алатынын зерттеп келген. Нәтижесінде Буяшевте пингвиндерді Каспийге әкелу ойы пайда болды.

"Қазір пингвиндерді көру үшін көптеген туристер Антарктидаға аттанады. Жаңазеландиялық ферма иесімен жиырмаға жуық корольдік пингвинді сатып алуға келістім. Бұл Каспийдің Қазақстандық бөлігінде аталған құстарды өсіруге жеткілікті. Азық қоры да жеткілікті", - дейді Ратмир Буяшев.

Буяшевтың айтуынша пингвиндерді саудагерлер өз пайдасына пайдаланады деп алаңдайды. Сондықтан оларды жағалаудағы шипажайдың біріне орналастырып, күзету керек. Әр пингвиннің құны - 5 мың доллар.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: