Астанада бірегей екі демалыс аймағы ашылады

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, елордада "Жасыл белдеу" аумағында жалпы ауданы 125 га құрайтын екі "рекреациялық аймақ" құрылады.

Жалпы ауданы 100 га "Солтүстік тізбек" учаскесінде ат спорты кешенін ескере келе, демалыс аймағын құру көзделген. Бұл аймақта жылдың төрт мезгіліне арналған спорттық, ойын-сауық кешендерін ескеріп, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған белсенді демалыс аймағын салу қарастырылған.

Екінші аймақ "Жасыл белдеу" аумағында "Үркер" тұрғын алабына қарсы орналасады. Онда қазіргі веложолдарды пайдалана отырып, ауданы 25 га белсенді демалыс аймағын құру жоспарланған.

2015 жылы "Жасыл белдеу" аумағындағы рекреациялық аймақтар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді, аталған жобалар жеке инвестициялар тарту арқылы 2017 жылға дейін жүзеге асырылады.

Аталған демалыс аймақтарының ерекшелігі қала ішінде экологиялық таза "Жасыл белдеу" аумағында ағаштың арасында орналасады.

Сонымен қатар рекреациялық аймақтарды жеке инвестициялық қаржының есебінен ашу, оларды күту және пайдалану аясында бюджет шығындарының орнын толтыруға мүмкіндік береді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: