Астанада 3-жастағы қыз кәріз құдығына құлап кетті

Астана көшелерінің бірінде үш жасар сәби ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті. Қыз баланың құлап кеткенін әкесі мен көршілері дер кезінде байқап қалып, көмекке ұмтылған.

Қыз бала 20 минуттан соң құдықтан шығарылды деп, хабарлайды 24.kz.

Бұдан соң Ясмин жөтеле бастап, үсіп қалған саусақтарының терісі түсіп қалған. Дәрігерлер қыз баланы №2 қалалық ауруханаға жеткізді.

Оған "аспирациялық пневмония" деген диагноз қойылды. Сәби ауруханада әлі бір аптаға жуық емделетін болады.

Қазір көшедегі кәріз құдығының не себепті ашық болғаны анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше оқиға қар тазалаушы машинаның кінәсінен болды, ол құдықтың темір қақпағын кездейсоқ ысырып, ашып кетуі мүмкін.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: