«Астана» велокомандасы 2015 жылғы әлемдік турға лицензия алды

"Астана" велокомандасы 2015 жылғы әлемдік турға лицензия алды, деп хабарлады Vesti.kz халықаралық велосипедшілер одағына (UCI) сілтеме жасап.

Алайда UCI қазақстандық командада аудит жүргізеді деп күткен жөн. Ұйым президенті Брайан Куксонның сөзіне қарағанда, лицензиялық комиссия баяндамасы "Астана" құрамасына допингті жүйелі пайдалану жөніндегі жаңа айыптаулар пайда болғанға дейін келді.

Комиссия ағайынды Максим мен Валентин Иглинскийлерден Эритропоэтиннің (ЭПО), сонымен қатар команда стажеры Илья Давиденоктан стероид табылу фактілерін анықтаған.

Алайда бұл күні Gazzetta Dello Sport жаңа баяндаманы жариялады. Онда доктор Микеле Ферраримен байланысы бар "Астананың" 38 велошабандозы аталған. Олардың үшеуі 2014 жылы, қалғандары алдыңғы маусымдарда команда құрамында болған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: