Астана мен Минск Батысқа қарсы санкцияны қолдауы мүмкін

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресейлік жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында "Ресейдің Батыс санкциясына қарсы әрекетін Қазақстан мен Беларусь қолдауы мүмкін" деп мәлімдеді.


Сергей Лавров. Фото: РИА Новости. Евгений Биятов

Бұл туралы Азаттық жазады.

Лавровтың айтуынша, Кеден Одағының құқықтың-нормативтік базасы одаққа қатысушыларға үшінші бір мемлекет жасаған экономикалық қысымға бірлескен қадамдар жасауға рұқсат береді.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков "АҚШ санкциясының мақсаты Ресей билігін ауыстыру мақсатында жасалынған секілді болып көрінеді" деп мәлімдеген.

АҚШ, одан кейін Канада, Австралия, Жапония және тағы басқа елдер Кремльдің Украинадағы әрекетінен кейін Ресейге қарсы санкция енгізген.

Ресей бұған қарымта ретінде Батыстан әкелетін азық-түлікке тыйым салған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: