Астана мен Өскемен арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 14 желтоқсанынан бастап "Тұлпар-Тальго" вагондарынан жасақталған "Астана-Защита" (Өскемен) бағытындағы №68/67 жолаушылар пойызын жібереді.


Құрам аптасына үш рет қатынайды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 19 "Турист", 1 вагон ресторан, 1 вагон-бар және 2 техникалық вагон. Құрам Ерментау, Екібастұз-1, Павлодар, Ақсу-2, Дегелең, Семей, Шар станцияларына аялдайды.

Өскеменге дейінгі жол 16 сағат 50 минутты, қайтар жол 16 сағат 45 минут.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: