Астана мен Қызылорда арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды

Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 29 желтоқсанынан бастап "Тұлпар-Тальго" вагондарынан жасақталған "Астана-Қызылорда" бағытындағы №89/90 жолаушылар пойызы жолға шығады.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы хабарлады.

Құрам 4 күнде 1 рет қатынайды. Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 - "Бизнес", 2 - "Гранд", 14 - "Турист" вагондары, 2 мейрамхана вагоны және 3 техникалық вагон бар. Құрам Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан стансаларына аялдайды.

Қызылордаға дейінгі жол 22 сағат 25 минутты, қайтар жол 23 сағат 22 минутты құрайды.

2014 жылдың 1 қазанынан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ үстіміздегі жылғы 14 қарашадан бастап аттанатын "Тұлпар-Тальго" пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытқа сұранысқа сәйкес билет құны өзгеруі мүмкін.

Жеңілдіктер жүргізіліп жатқан №69/70 "Алматы-2-Защита", №19/20 "Астана-Атырау", №87/88 "Ақтөбе-Астана", №79/80 "Астана-Шымкент", №77/78 "Алматы-Атырау", №49/50 "Алматы-Ақтөбе", №35/36 "Алматы-2-Шымкент", №67/68 "Астана-Защита" , №89/90 "Астана-Қызылорда" бағыттарындағы "Тұлпар-Тальго" пойыздарына енгізіледі.

Айта кетер бір жәйт, 2014 жылғы 16 желтоқсаннан бастап "Тұлпар-Тальго" пойыздарында дербес дисконттық карталар енгізілуде.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: