Астана әрқайсысы $270 мың тұратын француз автобустарын сатып алды

Бүгіннен бастап астаналық жолаушыларды Франция автобустары тасымалдайды. Кеше қала әкімдігі алдында осы елден шығатын су жаңа 59 автобус таныстырылды.


Соңғы үлгіде шығарылған қоғамдық көліктер Еуро 5 стандартына сай. Ауаны ластау көрсеткіші өте төмен, газбен жүретін көлікке пара-пар көрінеді. Бейне бақылау камерасы да орнатылған.

Сондай-ақ, автоматты пандустар жұмыс істейді. Жаңа автобустар 9 және 10-шы бағытта жүре бастайды. Жыл соңына дейін Еуропадан тағы 80 автобус келеді деп күтілуде.

Барлығы 358 қоғамдық көлік сатып алуға келісім жасалған. Жайлы автобустың бағасы да арзан емес. Әрқайсысы - 270 мың доллар тұрады.

"Келісім-шарт құны - 107 миллион еуро. Бұл халықаралық желі арқылы алынған несие. Жылына небәрі 2-2,5 пайыз үстеме төлеп қайтарамыз. Автобустарды сатқан Iveco компаниясы еуропалық "Коммерцбанктен" осындай жеңіл несие алуға көмектесті", - дейді "Астана LRT" ЖШС төрағасы Талғат Ардан.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: