Астанаға бағыт алған ұшақтар Қарағанды әуежайына қонуға мәжбүр болды

Астанаға ұшып келетін халықаралық және ішкі рейстер Қарағанды әуежайына қонуға жіберілуде, деп хабарлады Қарағанды халықаралық әуежайының қызметкерлері.


"Бір халықаралық борт қонды, енді үшеуін күтіп отырмыз. Алматыдан келе жатқан ұшақ та келіп қонды. Астанада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтарға қону мүмкіндігінің болмауы екі-үш сағатқа созылатын сыңайлы", - деп атап өтті олар.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында 7 ұшақтың рейсі кешігіп жатыр. Бұл туралы "Астана" халықаралық әуежайы" АҚ маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Людмила Копейчук мәлімдеді.

"Астана әуежайында ауа температурасы 12 градусты көрсетуде. Көріну деңгейі - 150 метр, желдің жылдамдығы секундына - 23 метр. Қазір Астана әуежайында 7 ұшақтың рейсі бөгелуде. Ұшып кету бағытындағы 3 рейс кейінге қалдырылса, 4-еуі - ұшып келуі тиіс рейстер. Олар Петропавл мен Семейге ұшатын "Скат" авиакоманиясы мен Екатеринбургке ұшатын "Эйр Астана" авиакомпаниясының рейстері. Үрімшіден келетін "Чайна Саузен Эйрлайнз" авиакомпаниясы, Ақтөбеден келетін "Скат", Талдықорғаннан "Жетісу" авиакомпаниясы, Өскеменнен "Эйр Астана" рейстері кешігуде", - дейді Копейчук.

Оның айтуынша, бөгеліс уақыты жарты сағаттан 7 сағатқа дейін созылуда. Талдықорғаннан келетін рейсті жолаушылар сағат 10:10-нан 17:20-ға дейін күтуге мәжбүр. Астана әуежайы штаттық режімде жұмыс жасап жатыр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: