Анджелина Джоли желшешекпен ауырып қалды

Голливуд актрисасы Анджелина Джоли көпшіліктің алдына уақытша шыға алмайтын болды. Әйгілі актриса желшешекпен ауырып қалды.


Бұл туралы Джоли ғаламтор желісі арқылы хабарлап, әлеуметтік желідегі достарына өзінің сәлемдемесін жолдады.

Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли жақын уақытқа жоспарланған шараларға қатыса алмайтынын айтты. Актриса желшешекпен ауырып қалғанын айтып, тіпті, өзінің "Несломленный" деп аталатын фильмінің премьерасына да қатыса алмайтынын жеткізді.

Картинаның премьерасы 2014 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған еді.

"Мен сіздерді сағынып, үйде отыратын болдым. Бұған сене алмаймын. Бұл фильм мен үшін өте маңызды еді. Алайда өмір деген осы",- деді Джоли табынушыларына жолдаған видеода

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: