Америкалық полицейдің қолынан тағы бір қара нәсілді бозбала көз жұмды

Америкалық Сент-Луис қаласының полицейі жанармай құю бекетінде қара нәсілді бозбаланы атып өлтірді деп хабарлайды St. Louis Post-Dispatch.


Оқиға кешке кешкісін орын алған. Қаза тапқан баланың есімі Антонио Мартин, ол 18 жаста. Оны тәртіп сақшысы атып тастағанын оқиғаға куә болған анасы айтып отыр. Әзірге бұдан өзге ешқандай ақпарат жоқ.

Қазіргі таңда жанармай құю бекетінің маңына ондаған адам жиналып, наразылық шеруін өткізіп жатыр. Араларында Фергюсон қаласындағы көтеріліске қатысқандар да бар.

Айта кетейік, соңғы бірнеше ай ішінде АҚШ-та полицейлер тарапынан қарапайым азаматтарға қару қолдану фактісі жиілеп кеткен. Тәртіп сақшыларының құрбаны көп жағдайда қара нәсілді америкалықтар болуда.

Осы жайттарға байланысты елдің бірнеше қаласында наразылық шерулері өтіп, соңы тәртіпсіздіктерге ұласып отыр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: