Алты баласы бар алматылық келіншек «Әлем патшайымы» атанды

Алматылық көпбалалы ана әлемді бағындырды. Ақнұр Жұмабайқызы Мальтада өткен "Әлем патшайымы" байқауында бас жүлдені қанжығалады.


Дәл осы сайысқа Ресей және Мальта елінен 23 нәзік жандылар бақ сынаған. Аталған марапатқа Алматылық алты баланың анасы Ақнұр Жұмабайқызы лайық деп танылыпты.

"Маған осы сайыстың  мақсаты ұнады. Қазақ әйелдерінің тектілігін көрсетейін деп  жарысқа аттандым", - деді "Әлем патшайымы-2014" жеңімпазы Ақнұр Жұмабайқызы.

Байқауда қайырымдылық шарасы мен бәссауда ұйымдастырылыпты. Шарада түскен қаражат Мальтаның жемідер үйіне аударылған.

Байқаудың басты мәні – аналардың мейірімділігі мен белсенділігін сынау.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: