Алматыда тұман салдарынан 40 әуе рейсі кейінге шегерілді

Алматы әуежайында тұман салдарынан 40 әуе рейсінің ұшу мерзімі кешіктірілді.


Алматы халықаралық әуежайының анықтама қызметінің ақпаратынша, Астана, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе және Өскемен қалаларына бағыт алатын ішкі рейстер уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ Баку, Амстердам, Бангкок, Дели, Франкфурт, Лондон, Ыстамбұл, Сеул және Үрімшіден ұшып келуге тиіс барлығы 9 рейс кейінге шегерілді.

Алматыда 24 желтоқсанда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз, ауа температурасы - 4 градус суық.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: