Алматыда түскен қардың қалыңдығы 13 cантиметрге жетті

Алматыда түскен қардың қалыңдығы 13 сантиметр, ал таулы аудандарда - 27 сантиметр болды, деп хабарлайды Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.


"Қалада қар 7 желтоқсан күні сағат 06:00-де жауа бастады. Коммуналдық қызметтер қаланың көшелері мен жаяулар жүретін жолдарына құм-хлоридті қоспа себу жұмыстарын жүргізуде", - делінеді хабарламада.

Қар жинау жұмыстарына арнайы техниканың 417 бірлігі жұмылдырылған, соның 149 бірлігі - құм шашатын техника. Жол жұмысшыларының саны - 837 адам.

Қала бойынша пайдаланылған қоспаның көлемі шамамен 5200 тоннаны құрады. Қаладан 1360 шаршы метр аумақтағы қар шығарылды. Құм шашу, жиналған қарды шығару және жаяужолдарды тазалау жұмыстары жалғастырылуда.

Синоптиктердің болжамынша, 7 желтоқсан күні жауын-шашын жауып, ауаның температурасы күндіз -5 -7 градус суықты, ал түнде 10 градус суықтықты көрсетеді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: