Алматыда рульге ие болмаған бойжеткеннің кесірінен 4 көлік соғысты

Алматыда Toyota RAV4 көлігін мас күйінде жүргізген әйел жол жиегіне қойылған үш машинаға соғылды.

Бұл туралы СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап, Алаш айнасы хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші әйел Әуезов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Ғабдуллин көшесімен қиылысатын тұста ол оқыстан бұрылып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан RAV4 сол маңдағы Mitsubishi Delica-ны соқты. Ал ол Pajero көлігін, Pajero болса, Toyota Hilux Surf автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасынан Delica жолаушысы зардап шекті. Куәгерлер RAV4 көлігіндегі әйелден спирт иісі аңқып тұрғанын айтты.

Бұл оқиға 9 желтоқсанға қараған түні болды.

Қазіргі уақытта Алматыда қалың жауған қардың салдарынан жүргізушілер жол-көлік оқиғаларына жиі ұшырайтын болды. 8 желтоқсан күні қардың салдарынан 41 оқиға тіркеліп, 10 адам зардап шекті.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: