Алматыда көктемде жылжымайтын мүлік құны 20%-ға төмендейді

Тұрғын үй құны көктемге дейін 20 пайызға арзандауы мүмкін. Бұл туралы жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов хабарлады.

Оның айтуынша, биыл жылжымайтын мүлік нарығында сатылатын баспанаға сұраныс 15 пайызға төмендепті. Бірақ мүлік нарығында сатылатын үй көп болғанымен сұраныс азайып кеткен.

"Біз жыл соңына дейін 1 шаршы метр үйдің құны 10 пайызға шегерілгенін көрдік, ендеше наурыз айына таяу оның бағасы тағы 10 пайызға кері жылжиды. Нәтижесінде 2015 жылдың көктеміне қарай 2009 және 2014 жылдың қаңтар айындағы баспананың бағасының деңгейіне қайта ораламыз. Енді баға өспейді. Сатып алушылардың қабілеті мен ұсынысқа сұраныс артқанда ғана нарықта белсенділік пайда болады", - дейді Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов.

Қазір Алматыда 1 шаршы метрі $1500-2000 мың пәтерлердің 50 пайызы көбіне ипотекалық несие арқылы сатылады екен.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: