Алматыда жолаушылар автобусы мен КамАЗ соқтығысты

Алматының Түрксіб ауданында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Бұл туралы "Алматы" арнасы "Куәгер" бағдарламасы хабарлайды.

106 бағыттағы автобус Шолохов көшесімен батыс бағытта, ал КамАЗ оған қарама-қарсы келе жатқан.

Қоғамдық көліктің жүргізушісі Сейфуллин даңғылында солға бұрыла берісте, жүк көлігіне жол бермей, соқтығысқа себепкер болған.

Абырой болғанда, автобус жолаушылары зардап шекпеген.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: