Алматыда бұрынғы казиноның орнына салынған мешіт ашылды

Алматының орталығында Жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы советтік кезең тұлғасы Бәйкен Әшімовтің аты берілген 3 мың адамдық мешіт ашылды.


Бұл туралы Азаттық жазады.

Мешіттің ашылу салтанаты кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Ішке алғашқылардың бірі болып "Нұр Отан" партиясының хатшысы Қайрат Сатыбалды, генерал Рүстем Қайдаров, халық әртісі Бибігүл Төлегеновалар кірді.

Қазақпараттың жазуынша, ғибадат орнында 3 мың адам бір мезетте құлшылық ете алады. 

Мешіттің ашылу салтанатына қала басшысы Ахметжан Есімов, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ өкілдері, өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

"Бүгін - ақ түйенің қарны жарылған қуанышты күн. Сәулеті келіскен рухани ордаларымыз бой көтеріп келеді. Алматыда қалалық жамағатқа ыңғайлы болу үшін 3 қабатты автотұрағы бар мешіт ашылды. Бұл қалалық өмірге бейімделіп салынған жалғыз мешіт десе болады. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде діни құлшылық орындары ашылып жатыр. Бұл дегеніміз - қоғамымыздың имандылыққа бет бұрғандығын, елдің әл-ауқатының жақсарғанын көрсетеді. Мешіт тек қана бес уақыт намаз оқитын орын емес, сондай-ақ, рухани тұрақтылықтың ортасы болуы керек", - деді  Бас мүфти.

Бұл Алматыдағы 39-шы мешіт екенін айта кету керек. Рухани орталық 2013 жылдан бастап салынды. Басты ерекшелігі - заман ағымына сай кең автотұрақпен қамтылған. 3 қабатты автотұрақтың әр қабатына 88 көлік сыяды.

Жаңа мешітте ғибадат ету бөлмелерінен басқа діни сауат ашу бөлімдері де қарастырылған. Бүгін мұнда ҚМДБ төрағасының бастауымен алғашқы жұма намазы оқылды.

Еске сала кетсек, бұл мешіт бой көтерген жерде бұрын "Зодиак" казиносы жұмыс істеген болатын.

 

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: