Алматыда бір жерде жол апатынан екі адам мерт болды

Алматыда таңғы сағат 07:40-та Құлжа күре жолында 18 жастағы бозбала көз жұмды. Оны "Ауди" маркілі көлігі қағып кеткен.

Белгілі болғандай, жігіт жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Тас жол бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан шетел көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан жүргінші оқиға орнында мерт болды.

Сондай-ақ, күні бұрын аталған жерде осыған ұқсас тағы бір жол апаты тіркелген. Кешкі сағат беске таман аталмыш жерде "тойота" маркілі көлік 60 жастағы Алматы облысының тұрғынын қағып кеткен.

Алайда бұл жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілген жерінен өткен. Айтылған осы екі дерек бойынша Алматы қалалық ІІД анықтау басқармасында қылмыстық істер басталды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: