Алматыда адамдардың өмірін сақтап қалған азамат марапатталды

Биыл қыркүйек айында қалада 2 қабатты тұрғын үй түгі қалмай жанып кеткен болатын. Cол түнде қызыл жалынға қарамай үй тұрғындарын оятып, өзі күйіп қалса да жанұшыра өзгелерді құтқарған азаматқа төсбелгі тапсырылды.

Бүгінде өрт шарпыған үйдің орнына қыстың көзі қырауда жаңасы салынып бітті. Енді тұрғындар қоныс тойын тойлауда.

Халықты өрттен аман алып қалған азамат Ардақ Есеновке тұрғындар шексіз алғыстарын білдірді. Бар-жоғы қыркүйекте түгі қалмай өртеніп қазір қайта қалпына келтірілген екі қабатты үйдің тұрғындары батырды құттықтауға тегіс жиналды.

Ықыластары шынайы. Өйткені тілсіз жау үйді түгел жалмағанда жұртты оятып, тіптен өзін күйік шалса да жанын аямай адам құтқарған азаматқа елдің қошеметі де ерекше.

Ардақты өз араларында шын батыр санайды.

"Мен өрт кезінде басқа ешнәрсе ойламадым. Тек адамдарды құтқару керек дедім де, отқа қойып кеттім. Өзім де оңбай күйдім, бірақ азаматтық парызымды орындағаныма қуаныштымын. Менің орнымда басқа ер азамат болса да дәл осылай жасайтын еді деп санаймын", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Ардақ Есенов.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: