Алматыда ұрлықшы тонамақ болған көлігінің ішінде ұйықтап қалды

Алматының Алмалы ауданындағы  Тілендиев пен Дүйсенов көшелерінің қиылысында тұрақтап тұрған көлікті түнде үптеп кетпекші болған ер адам ұсталды.

 

Кейін белгілі болғандай, Volkswagen иесі жақын маңдағы тұрақта күзетші болып жұмыс істейді.

"Келсем көлігімнің ішінде белгісіз адам ұйықтап жатыр. Жабық тұрған көліктің ішіне қалай кіргенін білмеймін. Машинаның алдыңғы орындығында жатып алыпты", - деді көлік иесі.

Күдікті полицейлердің көлігінде де ұйқысынан тұрмады. Орын алған жағдайға байланысты түсініктеме беру мақсатында ол Алмалы АІІБ-ның жанындағы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Алайда, бөтеннің көлігіне қандай мақсатпен кіргенін айтқан жоқ. Алдағы уақытта одан түсініктеме алынатын болады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: