Алматыда қайыр тілеп жүрген қаңғыбас аяқ астынан бақытқа кенелген

Қаңғыбастың да басына бақ қонды. Алматыда 2 жыл қатарынан қайыр тілеумен күн көрген Владимир Усталов КТК арнасының арқасында мол бақытқа кенелді.


Елу үш жастағы Ауған соғысының мүгедегі көше бойында тұрып әскери әндерді орындаумен күнелткен еді. Алайда аккордеон тартқан ардагерге тәртіп сақшылары талай мәрте күн көрсетпей, араға тіпті тілшілердің араласуына тура келген.

Енді Владимирді ешкім де "қайыршы" деп атамайды. Ер азаматтың өңі кіріп, сүйегіне ет біткен. Алматының қақ ортасында үш бөлмелі пәтері, тіпті сүйікті келіншегі де бар.

Тура осыдан бір жыл бұрын ол өзге мұқтаж жандармен бірге көше бойында тұрып қайыр тілеген болатын. Алақан жайып емес, Ауған соғысының ардагері аккордеонда кілең әскери әндерді орындайтын.

Небәрі 10 мың теңге ғана зейнетақы алатын ол бауырлары үйінен қуып шыққан соң қайыр тілеуге мәжбүр болған. Алайда одан көше бойын да қызғанғандар табылды.

Ауған ардагері енді көшеде тұрмайды. Әскери комуфляжынан басқа үстінде іліп алар киімі де болмаған азаматты телеарнадан көріп, ірі компания өкілдері бірден жұмыс ұсыныпты.

"Шынымды айтсам, өмірім өзгереді деп мың ұйықтасам да түсіме кірмепті. Қазір басымда баспанам, тұрақты жұмысым, көлігім де бар. Бәрі бір сәтте өзгерді. Менен асқан бақытты жан жоқ", - дейді ауған соғысының ардагері Владимир Усталов.

Қазір Владимирдің көлігі де бар. Қартайған шағында қайыр тілеуге мәжбүр болған соғыс ардагері бұрынғы көшедегі өмірін қорқынышты түстей ұмытқан.

Ал бұрын қолына алып, қайыр тілеген аспабымен ол қазір өзінің жеке хорын құрып, тіпті қазақ тілінде ән шырқап жүр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: