Алматыда қаңғыбастар автобусты өртеп жіберді

Алматының Медеу ауданында Setra маркілі автобус жанып кетті. Аталмыш автобус техникалық ақауға байланысты соңғы үш ай көлемінде жарамсыз болып, Қарбышев пен Үшінші март көшелерінің қиылысында орналасқан жер үйдің маңайында тұрған.

Бұл туралы Алматы арнасы "Куәгер" бағдарламасы хабарлайды.

Алауды бірінші болып сол автобустың иесі байқаған. Ол бірден дабыл қағып, өрт сөндірушілерге хабар берген. Өртке қарсы күресушілер тілсіз жаумен арпалысып жатқанда, автобус иесі өзінің болжамдарымен бөлісті.

Оның ойынша, соңғы кездері автобусты қаңғыбастар паналап жүрген. Олар өртке себепші болуы әбден ықтимал деп жеткізді ер адам. Қожайынның бұл болжамы міндетті түрде тексеріледі.

Айта кетсек, автобустың аккумуляторы болмаған.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: