Алматыдағы ТЖО-лардың бірінде 13 көлік өртеніп кетті

Алматыда кезекті рет өрт шықты. Бұл ретте Әуезов ауданындағы Яссауи мен Кассин көшелерінің қиылысында бой көтерген техникалық көмек көрсету стансасы өртенді.

 
Алматы телеарнасындағы  "Куәгер" бағдарламасының хабарлауынша, мекемеде жөндеуде тұрған 13 көлік өрт құрсауында қалды.

Көліктердің көбі қайта жөндеуге жатпайды. Тілсіз жау барлығы 600 шаршы метрдей жерді шарпыған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 техника жұмылдырылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: