Алматыдағы шығыс айналма жолында бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды

Алматыда бүгін таңертең шығыс айналма жолында, Әл-Фараби даңғылына дейін бірнеше километрге созылған көлік кептелісі пайда болды.

Көлік кептелісіне куә болған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кептеліс Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында көліктердің соқтығысуынан туындаған.

Жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысын реттеуге тырысып жатқанымен, әзірге кептеліс тарамай тұр.

Кептелістен қашқан көліктер Шығыс айналма жолынан жанама көшелерге кетіп жатқандықтан, Әл-Фараби даңғылынан төменгі көшелерде де кептеліс пайда болды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: