Алматыдағы әлем чемпионатынан соң 8 спортшы допингпен ұсталды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қараша айында Қазақстанда өткен 2014 жылғы әлем чемпионатының сегіз қатысушысын допинг пайдаланғаны үшін жарыстардан уақытша шеттетті.

Алматыдағы әлем чемпионатына қатысқан сегіз зілтеміршінің қатарында екі алтын медаль иегері бар. Олар допинг-сынаманың нәтижесіне сәйкес жарыстардан уақытша шеттетілді.

Бұл спортшылар – алтын жүлде иегерлері Солтүстік кореялық Ким Ун Чжу, албандық Дэниел Годелли, күміс жүлдегер ҚХДР спортшысы Чжон Хва Ри.

Сондай-ақ, екі албандық ауыр атлет пен үш өзбекстандық спортшыдан допинг анықталды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: