Алматы тұрғыны заңсыз казино ашу үшін несие алған

Алматы ортасында жасырын қызмет көрсетіп келген ойынхана әшкереленді. Тәртіп сақшыларының айтуынша казиноны отыз жастағы азамат несие алып ашқан.

Онда жұмыс істеп келген қызметкерлер бұл мекеменің ойынхана екенін білмеппіз деп ақталады деп, хабарлайды Таң арнасы.

Жоспарсыз ұйымдастырылған рейдтің нәтижесінде Қарқара сауда орталығында заңсыз жұмыс істеп келген ойынхана жұмысы тоқтатылды.

Биллиярд бөлмесінің әкімшілігі деген жалған кабинеттің іші азарт ойындарының ордасы болып шыққан. Бұндай заңсыз кәсіппен айналысушы отыз жасар азамат бұл ісін несие алып бастапты.

"Заңсыз ойын ұйымдастырған жерден екі жүз отыз мың теңгенің көлемінде ақша тәркіленді. Және фокер ойынын ұйымдастыратын арнайы столдар әшкереленіп алынды", - дейді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерқанат Нұрбаев.

Бүгінде заңсыз кәсіпке қатысы бар дегшен адамдардың бәрі де ұсталып түсінік беруде. Ойынханада екі диллер ауысыммен жұмыс істеген. Алайда, аталмыш орынның қызметкерлері бірінің сөзін бірі құптап, жұмысты жаңадан бастағандықтарын, казиноның барын білмегендіктерін алға тартады.

"Екі апта болды. Білмедім. Жұмысқа бүгін шықтым", - дейді бармен Адайбек Бұқанов.

Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталық пен қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқармасы бірлесіп әшкерелеген ойынхана Атакент Қарқара сауда орталығында орналасқан.

Ал, сауда орталығының әкімшілігі осы жайтқа байланысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: