Алматы тұрғыны сөзге келіспей қалған әйелін өлтірді

Алматы полициясы түнгі он екілер шамасында Алмалы ауданында жасалған аса ауыр қылмыстың ізіне түсті. Панфилов көшесінің бойында орналасқан №32 үйдің пәтерлерінің бірінен шыққан шу жайында полицияға жергілікті тұрғын хабарлаған.

Бұл туралы Алматы арнасының "Куәгер" бағдарламасы хабарлайды.

"Боран-020" партульдік экипажы оқиға орнына бірінші жетті. Тәртіп сақшыларына есікті пәтер иесінің өзі ашқан. Полиция қызметкерлеріне ер адам өзімен жұбайы арасында кішігім ұрыс болғандығына сендірмек болған. Алайда, патруль қызметкерлері ер адамның қанға малынған қолына қарап, пәтердің ішіне кірген.

Күдікті ер адам полицейлерден терезе арқылы қашып құтылмақшы болды. Алайда, сыртта қалған тағы бір сақшы азаматты құрықтаған.

Айтуынша, ол күдіктінің әрекеті шамамен осындай болатындығын алдын ала болжаған. Анықталғандай, ол өзінің азаматтық әйелімен алкогольдік ішімдікті қабылдау барысында, сөзге келіспей қалған. Содан кейін қаскүнем әйелге бірнеше рет пышақ жарақатын келтірген.

Қаскөй өзіне тағылып отырған айыптарды мойындамады. Оны тергеуге алу мақсатында АІІБ-на жеткізілді. Ал кезекші жедел топ қызметкерлері қылмыс орнын тексеріп, тергеуге маңызды айғақтарды тәркіледі.

Барлық заттық айғақтар сот сарапшыларына дәйек ретінде ұсынылатын болады.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: