Алматы тұрғыны мерекелік дастархан үстінде әйелді пышақтап өлтірді

Алматының жол-партульдік полиция қызметкерлері түнгі үштер шамасында "Өжет" ықшам ауданындағы үйлердің бірінде болған кісі өлтіру қылмысынын ізін суытпай ашты.

Ішке қаладалған пышақтан алған жарақаттардың нәтижесінде қайтыс болған 46 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Полиция экипажының сақшылары аталмыш аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынын тұрғынын ұстады.

Анықталғаны, олар бірге спирттік ішімдіктерді қабылдап отырған. Көңілді отырыстың соңында күдікті әйелге шабуыл жасап, пышақпен жарақат келтірген.

Ұсталған азаматтың осыған дейін есірткі қылмысы үшін сотты болғаны анықталды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: