Алматы облысында жалған кәулік беріп келген директор ұсталды

Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күзетшілерді дайындау бойынша аймақтық оқу орталығының директоры мен есепшісін ұстады. Олар курстан өтпегендерге күзетші куәлігін беріп келген.

Облыстың ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқу орталығының білім алушылары жалпыға ортақ заңнаманы оқу, атыс даярлығы, радиоқұралдарды қолданудың ережелері курсынан, дене жаттығулар тәрізді сынақтардан өтулері керек.

13 500 теңгеге бағаланған оқудан өтті деген куәлік күзет фирмасына жұмысқа орналасу құқығын береді. Ұсталғандар қажетті курстан өтпегендерге осындай құжат берген деп күдіктелуде.

2014 жылы оқығаны туралы куәліктің 100-ден астам күзетшіге берілгені анықталды. Енді олардың қайсысының курстан нақты өткен-өтпегенін анықтау керек.

Полиция тарапынан ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 325-бабының 2-тармағы "Жалған құжаттар жасау" бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.

Оқу орталығының қызметін тексеру жалғасуда.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: