Алдағы уақытта инфляция теңге құнын төмендетуі мүмкін

2014 жылдың аяғына дейін теңгенің бағамы өзгеріске ұшырамауы мүмкін. Дегенмен алдағы уақытта ұлттық валюта құлдырап кетуі ықтимал.


Бұл туралы  экономист Ғалым Құсайынов айтты.

"Теңге білінбей тиын болып төмендей береді. Мен осылай ойлаймын, осылай болады да. Бұл қазіргі таңда ең ыңғайлы нұсқа. Халық бұл өзгерісті сезбейді. Ал бір жылда 6-дан 12 теңге дейін құнсыздануы мүмкін", - деді сарапшы.

"Бұның өзіндік пайдасы бар. Халық алда не болатындығын біліп жүреді", - деді ол.

Сондай-ақ банк депозиті салымшыларына теңгемен 10 пайыз, ал доллармен 4% үстеп ақы төлеуді ұсынса, салымшылар ақшасын теңгеде ұстайтын болады.

"Қазіргі таңда халық ақшасын долларға ауыстырып қоюға тырысады. Себебі алда не күтіп тұрғанын білмейді. Барлығын халыққа түсіндіріп берсе, жұрттың барлығы алаңдамай отырар еді", - деді Құсайынов.

Ал Ұлттық банк өз кезегінде теңге девальвацияға ұшырамайды деп сендіріп отыр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: