Алдағы 3 күнде қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көк тайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, екпіні секундына 18-25 метрге дейін жетпек.


Кей өңірлерде бұрқасын соғады. Еліміздің солтүстік аймақтарында түнгі мезгілде ауа температурасы 5-10 градус нөлден төмен көрсетcе, кей жерлерде 15 градус аяз болады.

Ал еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 0-5 градус нөлден төмен. Кей жерлерде термометр бағамы 8 градусқа дейін төмендейді.

Инженер-синоптик Әлия Оспанованың айтуынша, алдағы күндері циклон шығыс өңірлерге келіп жетеді. Сонымен қатар еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы сәл төмендей бастайды.

ді
Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: