Airbus апаты болған аймақтан судан 40 адамның мәйіті шығарылды

Air Asia авиакомпаниясының Airbus ұшағы апатқа ұшыраған аймағында Яванск теңізінен индонезиялық құтқарушылар 40 адамның мүрдесін шығарды.

Индонезия президенті Джоко Видодо Калимантан аралына ұшып барды, ол ұшақ сынықтары табылған жерде іздеу-құтқару операцияларын өзі жеке бақылауына алды, деп хабарлады Антара ұлттық ақпарат агенттігі.

Ұшақ сынықтары радиусы 5 шақырым аймақтан табылған.

Air Asia авиакомпаниясының басшысы Тони Фернандес Airbus жолаушылары мен мүшелерінің туған-туыстарына көңіл айтты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: