Айбек Нұғымаров қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы атанды

Ресейдің Орынбор қаласында өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандықтар бес алтынды еншіледі деп хабарлайды Қазақпарат.


Атап айтқанда, бұл дүбірлі додада "Қазақстан Барысы" атағының иегері және әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов абсолютті салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі германиялық Лезик Варбицкистен басым түсті. Екінші жекпе-жегінде ол қырғызстандық Тілек Құраловты жеңді, ал жартылай финалда армяндық Артем Григоряннан мерейі үстем болды.

Финалдық жекпе-жектің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса да, қоян-қолтық күресте Мұхит тәжікстандық палуан Комроншах Усторипионнан күшінің нық екенін байқатты, сөйтіп, ол әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін бұл әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына палуандар Айдос Сейпілұлы (55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде), Ғани Келдіқұлов (60 келі), Ғалымжан Әбдірахманов (70 келі), Тоқтар Қаркәтенов (80 келі) және Айбек Нұғымаров (90 келіден артық) алтын жүлде салды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

2013 жылғы "Қазақстан Барысы" Айбек Нұғымаров осымен үшінші рет әлем чемпионы атанып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 5-7 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында қазақ күресінен V әлем чемпионаты өтті.

Қазақ күресінен байрағын желбіреткелі жатқан бесінші әлем чемпионатына Қазақстан құрамасынан өзге Австрия, Венгрия, Германия, Грекия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қытай, Латвия, Литва, Моңғолия, Ресей, Түркия, Франция, Финляндия, Швеция, Эстония және басқа да елдердің палуандары қатысқан болатын.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: