Ахметжан Есімов әлі күнге дейін әйелінің үйінде тұрып жатыр

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әлі күнге дейін әйелінің пәтерінде тұрып жатқанын айтты.


Естеріңізде болса, бір жыл бұрын осы ОКҚ брифингіне қатысқан қала басшысы Алматыда өз баспанасы жоқ екенін, әйелінің пәтерінде тұратынын айтып, жұртты таң қалдырған еді. Бір жыл ішінде жағдай әлі өзгермепті.

"Сіз былтырғы брифингте өзіңіз әкім болып отырған қалада баспанаңыз жоқ екенін, сондықтан әйеліңіздің пәтерінде тұрып жатқаныңызды айтып едіңіз. Бір жылдан бері жағдай өзгерді ме?" деген сауал қойылған болатын.

Бұл сұраққа Есімов: "Әлі күнге дейін әйелімнің үйінде тұрамын", - деп жауап берді.

Айта кетейік, былтыр әкім осыған сәйкес қойылған сұраққа: "Мен сіздерге нақтысын айтайын, менің жалақым 645 мың теңге. Оның 130 мың теңгесі ұсталады, қолыма тиетіні 515 мың теңге. Ал, баспана мәселесіне келсек, Алматыда үйім жоқ, әйелімнің үйі бар. Сонда тұрамын", - деп жауап берген еді.

Ахметжан Есімов сондай-ақ Алматыға әкім болған сегіз жыл ішінде Тәуелсіздік күнінде қаладан кетіп қала беруінің себебін түсіндірді.

Айтуынша, ол өзінің туған күні – 15 желтоқсанда Алматыда қалғысы келмейді екен. 

Есімов брифингтегі баяндамасын бастан-аяқ орыс тілінде оқыды. Бұның себебін сұраған журналистерге қала әкімі "көпшілік түсінетін тілде сөйледім" деген жауабын айтты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: