Ақтауда 18-ге толмаған қыз жезөкшелікпен айналысып, сағатына 60 мың теңге алған

Ақтауда кәмелетке толмаған жеткіншекті жезөкшелікке тартқан жеңгетай ұсталды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.


Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің ақпарат және мемлекеттік тіл бөлімінің жетекшісі Әлия Шермағамбетоваға сілтеме жасап хабарлайды.

Он сегізге толмаған жасөспірім жасаған қызметі үшін сағаты 60 мың теңге алып отырған. Ол анасымен ұрысып, үйінен кетіп қалған көрінеді.

Кәмелетке толмаған жас қыз қазір уақытша оңалту орталығына тапсырылды. Арнайы рейд барысында тағы бірнеше жезөкшенің әрекеті әшкере болды. Тәнін саудалағандар арасында өзге елдің қыздары да бар.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: