Ақтауда 1 сынып оқушысы зорланды

Ақтау қаласында бірінші сыныпта оқитын қыз баланы зорлаған. Бұл туралы жергілікті Tumba.kz басылымы хабарлайды.

№12 мектепте оқитын қыз баланы зорлау оқиғасы 3 желтоқсан күні болған. Осыдан соң, бастауыш сыныпта оқитын балаларды мектептен ата-аналарының күтіп алуы және оқушыларға бейтаныс адаммен сөйлеспеу керектігін үйрету қатты ескертілді.

Әзірге бұл оқиғаны құқық қорғау органдары растаған жоқ.

Сондай-ақ, Алматы облысында 6 жастағы қызды зорламақ болды деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Бір жылдан бері бой тасталап жүрген күдіктіні тәртіп сақшылары он күн бұрын қамауға алған деп хабарлайды Жетінші арна.

Сақшылардың айтуынша, Эдуард Дзутов өткен жылы қаршадай қызға қорлық көрсеткен екен. Бірақ жазадан жалтару үшін дереу із жасырып үлгерген. Соған қарамастан, полицейлер оған сырттай айып тағып, іздеу жариялаған болатын. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Арызданушы азаматша ауруханаға жатуы үшін кәмілетке толмаған қызын құрбысының үйіне тастап кеткен. Сол сезікті азамат құрбысының күйеуі болып шықты", - дейді Алматы облыстық ІІД Тергеу бөлімінің аға тергеушісі Асхат Құрманбаев.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: