Ақтауда өз қызметтесін өлтірген әскери сотталды

Ақтау гарнизонының әскери соты бүгін Ақтау гарнизонының 2087 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері 1994 жылы туған Самат Атайбекке қатысты шешім шығарды.

Оған 2014 жылдың 5 қазанында өзінің қызметтесі Айдын Жолдасбековты өлтірді деген айып тағылды деп, хабарлайды Қазақпарат.

Сот отырысының барысында белгілі болғандай, сарбаздардың арасында екеуінің біреуінің өліміне әкелген жанжалға дейін де өзара дүрдараздықтардың орын алғаны байқалған. 5 қазанда түскі ас кезінде олар тағы да ерегіскен.

Соның жалғасы ретінде сол күні 17:30 кезінде әжетханада болған жанжал кезінде Самат Айдынның кеудесінен ұрған. Жерге құлаған оның басы кафельге соғылып, миына қан құйылған. Сарбаз есінен танып, көп ұзамай ауруханада көз жұмған.

"Ақтау гарнизонының әскери сотының шешімімен Самат Атайбек Қылмыстық кодекстің 370-бабының 3-тармағының 3-бөліміне сәйкес 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейді", - деді Ақтау гарнизоны әскери сотының судьясы Бекболат Тәжімұхан.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: