Ақтауда өрт бір сағаттың ішінде үйдің үстіңгі қабатын тұтастай жоқ қылды

Бір сағаттың ішінде қызыл жалын көпқабатты үйдің тұтастай үстіңгі қабатын жоқ қылды. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, толықтай 6 пәтер өртеніп, 19 пәтерді өртті сөндіру кезінде су басқан.

Бірнеше сағаттан кейін өрт сөндірушілер тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртті сөндірді. Өртті сөндіруге күшті жел кедергі жасаған.

Куәгерлердің айтуынша, өрт үйдің үстінгі қабатында жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде шығуы мүмкін. Көршілер жоғарғы қабатта екі жұмысшының жүргенін айтады. Екінші нұсқа бойынша, тұрғындар өрттің электр желілеріндегі қысқа тұйықталудан шыққанына сенімді.

Өрттің шығу себебін жауапты мекемелер әлі ресми хабарлаған жоқ. Себебі өртті сөндіруге қаланың барлық құтқару қызметі жұмылдырылған.

Ал өртенген үйдің тұрғындары өрт сөндірушілерді салғырттықта айыптады. Айтуларынша, олар өрт туралы қоңырау шалғаннан тек жарты сағат өткеннен кейін оқиға орнына келіп жеткен деп жазады жергілікті сайт.


Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен 17.05-те басталған. Тұрғын үй ғимаратының төбесі өртке оранып, одан кейін жоғарғы қабат өртенді.

Жалын 800 шаршы метр аумақты шарпыды.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: