Ақтөбелік келіншек 1 жарым айдан бері 2 жасар қызын көре алмай жүр

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында енесі мен келіні арасындағы жанжал үлкен дау туғызып отыр деп жазады vaktobe.kz.


Отбасылық жанжалдан соң, Аида Жұмамұратованы күйеуі ұрып, үйден қуып жіберген. Одан бөлек,  2 жасар қызымен де кездестірмей қойған.

Зардап шеккен келіншек полицияға шағымданғанымен, ресми түрде ажырасқанға дейін баланың кіммен тұру керектігі ешбір заңда көрсетілмеген. Сондықтан тәртіп сақшылары сот шешіміне дейін анасы мен баласын қайта қауыштыратын қандай да бір әрекетке бара алмай отыр.

Бүгінде Аида Жұмамұратованың сәбиін көрмегеніне бір айдан асты. Ал тәртіп сақшылары болса, Отбасы және неке туралы кодекске түзету енгізуді сұрауда. Аталған өзгертуде сот шешіміне дейін баланың анасымен бірге болуы керектігі айтылған.

Ал кішкентай қызын көре алмай қиналған Аида 30 қаңтар күні болатын сот процесін асыға күтіп жүр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: