Ақтөбеде оқушыны ұрған денешынықтыру мұғалімі қызметін жалғастыруда

Ақтөбеде №13 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6-сынып оқушысын ұрған. Соққы салдарынан баланың миы шайқалып, бас жарақатын алған.

22 жастағы жас маман Асылхан Мұтаев қаладағы №13 мектепке өткен жылы жұмысқа тұрыпты. Алтыншы сыныпқа сабақ беріп жатқанда тыңдамаған оқушыны сол жақ шекесінен жұдырықпен қойып қалыпты. Соның кесірінен оқушы бас жарақатын алған.

Бұл іс ақыры сотқа дейін жетті. Сот отырысы кезінде Асылхан оқушысын тек итеріп жібергенін айтып ақталды. Дегенмен, жас маманға оқушының ата-анасы кешіріммен қарап, іс тоқтатылды.

Ал мұғалім сол мектепте әлі дәріс беріп жүр.

"Қазір Асылхан дене шынықтырудан сабақ беріп жатыр. Сот жұмыстан босату туралы шешім шығарған жағдайда онымен қоштасатын едік. Енді екі жақ татуласқанан кейін ол қызметін жалғастыруда. Бірақ жарақат алған оқушының сыныбына ол дәріс бермейді", - дейді №13 мектеп директорының орынбасары Гүлнәз Мырзағалиева.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: