Ақтөбеде жаңа туған нәрестені анасы мен акушер-гинеколог сатпақ болған

Ақтөбе облысында 21 жастағы қыз өзінің жаңа туған баласын сатпақ болған. Баланы сатумен қаладағы жеке емханалардың біріндегі дәрігер шұғылданыпты.

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

Баланы сатып алуға 44 жастағы Шалқар қаласының тұрғыны ниет білдірген. Бүгінде баланы сату ісін ұйымдастырған 39 жастағы акушер-гинеколог тергелуде.

Полицияның айтуынша, гинеколог балаға жалған құжаттар жасаумен айналысқан. Алайда, ол өз ісін жоққа шығарып отыр.

"Айдана маған қаралуға келді. Ол маған ақша төледі, мен оны тексердім. Бар болғаны сол ғана. Баланы сату туралы ешқандай келісім жүргізген жоқпын. Маған жала жауып отыр", - дейді акушер-гинеколог.

Ал облыстық перинатальді орталықтың бас дәрігері Асхат Балықов мұндай оқиғаның болғанын бірінші рет естіп отырғанын айтты.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: