Ақтөбеде екі баласын вокзалға тастап кеткен әйел айыппұлмен құтылды

Туған балаларын қараусыз қалдырған ақтөбелік келіншек жазаланды. Араққа салынған тасбауыр ананың ісі Ақтөбе облыстық кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық сотта қаралды.

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Сот отырысында белгілі болғандай, келіншек туған балаларын тоғыз күн бойы қараусыз қалдырып, қыдырып кетіп қалған. Ал кішкентайлар болса, анасын күтіп теміржол вокзалында жүріпті. Мұны жұрттан естіген туыстары келіп үйіне алып кеткен.

"Айыпталушының туысы балаларды вокзалдан алып кетеді. Келіншек пәтеріне қайта оралғанда да балаларының қайда екеніне басын ауыртпаған. Ол өзінің бұл әрекетін түсіндіріп бере де алмады", - дейді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің мамандары.

"Жаздым-жаңылдым" деп ақталған айыпталушы енді шалыс баспайтындығына уәде берді. Дегенмен әзірге судья 12 964 теңге айыппұл салумен ғана шектелді.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: