Ақтөбе тұрғыны өзін «фашист» деп атаған көршісін сотқа берді

Ақтөбеде қарт әжейлердің соты аяқталды. 85 жастағы қала тұрғыны өзінің 65 жастағы көршісін тіл тигізгені үшін сотқа сүйреген.


Бұл туралы "Диапазон" газеті жазады.

Людмила Гайкова мен одан 20 жас үлкен Галина Жеребцова 18 жылдан бері көрші тұрады. Жеребцова көршісіне келіп, терезесін сүрту үшін оның ауласына өтпек болған.

Алайда, Гайкова көршісін аулаға кіргізбей қояды. Даудың одан әрі қалай жалғасқанын әркім өзінше түсіндірді. Жеребцованың айтуынша, көршісі оны "фашист", "бандеровшіл" деп тілдеген.

Осыдан соң іс сотта жалғасып, көршісін қатты тілдеген деп атаған Людмила Гайкова кінәлі деп табылды. Сот оған 46 300 теңге көлемінде айыппұл салды. Ал Жеребцоваға 15 мың теңге моральдық шығын төлемек.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: