Ақтөбе облысында қыстақ маңынан бронтескіш снаряд табылды

Ақтөбе облысы Қобда ауданында бронтескіш снаряд жойылды. Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне 19 жастағы Қобда ауданының тұрғыны хабарласып, Сарыбұлақ ауылынан 20 шақырым қашықтықтағы "Көкбұлақ" қыстағы маңында снарядқа ұқсас затты байқағанын айтқан.

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды 24.kz.

Ақпараттың растығын тексеру мақсатында экстремизімге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, "Арлан" арнайы мақсаттығы жауынгерлері мен Қобда аудандық ТЖБ қызметі қыстаққа жедел жеткен.

Құрамында 10 адамы бар полицейлер тобы аумақты сүзіп шыққан. Нәтижесінде дөңгелек бронтескіш снаряд зат табылды. Нөмірлік белгісі бар. Ұзындығы - 400 мм.

"Арлан" арнайы мақсаттағы бөлім саперлері снарядты жойды. Қазіргі таңда қауіпті зат туралы уақытылы хабар бергені үшін ауыл тұрғынына сыйақы тағайындау мәселесі қаралып жатыр.

Новости Казахстана

Другие новости и советы по теме: